Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейінің ресурстық орталығының арнайы педагог - психолог маманы Ысқақова Жадыра Бекмағанбетқызының «Дене мүшелері» тақырыбында ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыға жеке түзете - дамыту сабағы өткізілді.
Мақсаты: Оқушыға дене мүшелерінің маңыздылығы туралы түсінік берілді. Дене мүшелерін қалыптастыру және атай білу,дене мүшелерінің адамға пайдасы жөнінде,көру арқылы есте сақтауын,ойлай білу қабілеттерін дамыту.
Түзете - дамыту жұмысының барысы:
1) Сәлемдесу
2) Оқушының көңіл - күйін сұрап,көтеріңкі көңіл - күймен бастау
3) Жаңа сабақты түсіндіру, оқушының назарын аудару
Жаңа сабақ
1) Дене мүшелерін таныстыру.
- Оқушы сурет арқылы дене мүшелерін атап көрсетеді
2) Дидактикалық ойын «Менің денем»
- Дене мүшелерін ажыратып,берілген тапсырманы жапсырма арқылы орындайды
3) «Көңілді қуыршақты киіндіру»
- Киім үлгілерін ажыратып, сән үлгілері арқылы киіне білу түсінігі қалыптасады.
Нәтижесінде:
- Оқушы дене мүшелерін атап, ажырата білді.
- Дене мүшелерінің пайдасымен оларды күте білу туралы түсінігі қалыптасты.
- Есте сақтау мен ойлау қабілеттері арттырылды.
- Дене мүшелерін күте білуге дағдыланды.