Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Т.Есетов атындағы #264 мектеп - лицейіндегі облыстық ресурстық орталық маманы (педагог - ассистент) Ақназар Сәния “Үй жануарлары” тақырыбында ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыға жеке түзете - дамыту сабағын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға үй жануарларының маңыздылығын түсіндіру, олардың адам өміріндегі рөлін ашып көрсету. Жануарларға қамқорлықпен қарауға, жауапкершілікке және жанашырлыққа тәрбиелеу. Үй жануарларының түрлерін, ерекшеліктерін таныстырып, оларды күтіп - баптау жөнінде түсінік қалыптастыру.
Түзете - дамыту жұмысының барысы:
1. Сәлемдесу
2. ⁠Оқушының көңіл - күйін сұрау, жағымды ақуал туғызу.
3. ⁠Жаңа сабақты түсіндіру, оқушы назарын аударту.
Жаңа сабақ
1. Үй жануарлары және оның төлдері. “Бұл қандай жануар?” ойыны.
Оқушы жануарларды және төлдерін табады.
2. ⁠ Үй жануарларының дыбыстары. “Кім қалай дыбыстайды?”.
Оқушы жануарлардың қимылын келтіріп, дыбысын салады.
3. Суретпен жұмыс: “Үй жануарларының пайдасы”.
Мұғалім үй жануарларының суретін көрсетіп, олардың атауын, ерекшеліктерін түсіндіреді.
4. “Менің сүйікті жануарым” тақырыбында сурет салу.
Күтілетін нәтиже:
• Оқушылар үй жануарларын ажыратып, олардың атауын дұрыс атайды.
• Жануарлардың пайдасы мен оларды күту туралы түсінік қалыптасады.
• Танымдық қабілеттері мен сөздік қоры дамиды.
• Жануарларға қамқорлық жасауға дағдыланады.