30.04.2025 жыл - кәсіби даму мен шабытқа толы маңызды күн!
Бүгін мектебімізде облыстық ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен ерекше форматтағы педагог - ассистенттерге арналған тәжірибе алмасу кездесуі өтті. Бұл жиын қаладан және ауданнан келген педагог - ассистент мамандар үшін үлкен мүмкіндікке айналды.
Шара барысында қатысушыларға өз тәжірибелерімен бөліскен педагог - ассистенттер мен логопед мамандар:
• Ибрагим Гүлназ Асылбекқызы - «Екі таңбалы сандарды қосу» тақырыбында оқушылардың математикалық түсінігін дамытуға арналған тәсілдермен таныстырды;
• Жүгінісова Қаракөз Темірқұлқызы - «1 - 10 сандарын тура және кері санау, түстерді ажырату» арқылы баланың зейін мен сенсорлық қабылдауын дамыту әдістерін ұсынды;
• Қуанбаева Майра Мергенбайқызы - «Даму пирамидасымен жұмыс» тақырыбында баланың кешенді дамуын қолдайтын стратегияларды көрсетті;
• Аймақова Гүлназ Дүйсенбайқызы (логопед) - «Моторлы даму - сөйлеу тілінің кілті» атты маңызды бағытта баланың қозғалыс дағдылары мен сөйлеу тілінің байланысын практикалық мысалдармен түсіндірді;
• Ашимова Гүлбану Салхадиновна - «Ситуациялық ойлау және стресс - менеджмент» тақырыбында бала мінез - құлқы мен эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыруда тиімді тәсілдер арқылы тренинг - практикум ұйымдастырды;
• Ерсейтова Индира Алтынбековна - «Кеңістікті бағдарлау» бағытында практикалық тапсырмалар арқылы балаға қоршаған ортамен байланыс орнату жолдарын ұсынды;
• Абдималик Алия Адилбекқызы (логопед) - «Кеңістікті бағдарлау арқылы түсінік қалыптастыру» әдістерін нақты жаттығулармен көрсетті.
Кездесудің негізгі бағыттары:
• Педагог - ассистенттің мектептегі рөлі, кәсіби міндеттері мен бала дамуына қосар үлесі жан - жақты түсіндірілді;
• Ерекше білім алатын оқушылармен нәтижелі жұмыс жасау жолдары, оларды қолдау әдістері нақты практикалық тапсырмалар арқылы көрсетілді;
• Есте сақтау, зейін, кеңістікті бағдарлау, логикалық ойлау, тіл дамыту және байланыстырып сөйлеу бағыттары бойынша жаттығулар тәжірибе жүзінде орындалып, тиімді тәсілдермен толықтырылды;
• Баланың жеке ерекшеліктерін, қызығушылығын, мінез - құлқын ескере отырып, эмоционалды қолдау мен оқу мотивациясын арттыру жолдары қарастырылды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе барысында туындаған сұрақтарға жауап алып, пайдалы идеялармен толықты. Жұмыс барысындағы қиындықтар мен жетістіктер талданып, әр маман өз кәсіби дамуында жаңа серпін алды.
Іс - шараны қорытындылаған ресурстық орталықтың басшысы Көмекбаева Салтанат Есқарақызы әр маманның жұмысына оң бағасын беріп, педагог - ассистенттердің білім беру үдерісіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Ол осындай тәжірибе алмасу алаңдары болашақта жиі ұйымдастырылып, мамандар арасында үздіксіз кәсіби байланыс орнатылуына тілектестік білдірді.
Біріккен күш - үлкен нәтиже!
Бөліскен білім - мол тәжірибе!
Бала дамуына бағытталған әр қадам - болашаққа салынған көпір!
#ТәжірибеАлмасу
#РесурстықОрталық
#ПедагогАссистент
#Логопед
#ИнклюзивтіБілім
#БалаДамуы
#АрнайыБілім
#БіргеӨсеміз
#СапалыБілім - ОртақМақсат