Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Табиғат жұмбақтары" атты 2-сыныптар арасындағы білім сайысы 
Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде
8 қазан күні 2-сыныптар арасында "Табиғат жұмбақтары" атты білім сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты:
-оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын және оқуға деген ынтасын арттыру; 
-көрнекі іс-әрекетін, сөздік-логикалық, ойлау әрекетін дамыту; 
-ұйымшылдық қабілетін қалыптастыру; -оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, жауапкершілікке және белсенділікке тәрбиелеу.
Сайыс 3 кезең бойынша жүргізілді:
1-кезең - «Ойлы болсаң, озып көр»
2-кезең - «Кім тапқыр?»
3-кезең - «Мен жас зерттеушімін»
Сайысқа барлығы 14 сынып қатысты. Барлық кезеңдер бойынша ұпай саны есептеліп, нәтижесінде:
Бас жүлде: 2 «З» сынып оқушысы - Жеңіс Алишер
1-орын: 2 «В» сынып оқушысы - Сәлім Сафинұр
1-орын: 2 «О» сынып оқушысы - Есенбай Бақдәлет
2-орын: 2 «А» сынып оқушысы - Алмуратов Әділ
2-орын: 2 «Ә» сынып оқушысы - Орманов Айсұлтан
2-орын: 2 «Д» сынып оқушысы - Мәдібек Медина
3-орын: 2 «Л» сынып оқушысы - Серікбай Дамир
3-орын: 2 «М» сынып оқушысы - Серік Нұржас
3-орын: 2 «Г» сынып оқушысы - Алпамысқызы Медина
3-орын: 2 «Б» сынып оқушысы - Қабылбек Айжұлдыз
Қалған сынып оқушылары сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Қорытындылай келе, оқушыларымызға білім додасында биік шыңдарды бағындыра берулерін тілейміз! 
Ұйымдастырушылар:
Әбенова А.
Исаходжаева Г.