25 ақпан күні «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес Ы.Жақаев атындағы Қазақ Күріш ғылыми - зерттеу институтында мектеп бітіруші түлектеріне танымдық - өндірістік экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияда Ұлттық ғылымдар академиясының академигі "Агротехнология, мелиорация және топырақтану" бөлімінің меңгерушісі Тоқтамысов Әсет Мырзаханұлы; Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылымдар академиясының академигі "Күріш және күріш ауыспалы егіс дақылдарының тұқым шаруашылығы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, «Ақмаржан» күріш сортының авторы Құрманбек Бәкірұлы қатысып, өз мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып, институт тынысымен таныстырды. Оқушылар институтта зерттеліп жатқан күріштің түрлі сортымен танысып, мол мәліметке қанықты.
Оқушылар қай мамандық болмасын, өз ісін сүйіп істеген адам ғана шын жетістікке жететінін түсінді.