Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі
Күздің алғашқы күнімен бірге әр мектепте жаңа үміт, жаңа мақсат, жаңа арман басталады.
Бір оқушы үшін бұл — кезекті оқу жылы болса, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бүгінгі күн — өмір бойы есте қалатын ерекше сәт.
Сапалы білімнің шамшырағы - Тәкей Есетов атындағы 264 мектеп – лицейі оқу мен білімге құштар балаларға биыл да өз есігін қуанышпен айқара ашты. Жүректері үмітке толы, болашақ елдің тірегі болар 342 бүлдіршін бүгінгі күннен бастап білімнің алғашқы баспалдағына қадам басты. Кішкентай бүлдіршіндерді мектепке қабылдау салтанатты жиынында мектеп-лицей директоры Рахметов Алмат Бақытбекұлы оқушыларға білім жолында биік белестер, ата-аналарға береке,ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.
Биылғы Білім күні «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында ұйымдастырылып отыр. Тазалық – тек қоршаған ортаның тазалығы емес, адам санасы мен мәдениетінен, қоғам алдындағы жауапкершілігінен басталады. Сондықтан «Таза Қазақстан» идеясы – әрбір білім алушының күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
Жиын соңында әр сыныпта аталған тақырыпта тәрбие сағаттары өткізіліп, сынып оқушыларымен талқыланды.
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылына толағай табыстар мен шалқар шабыт тілейміз!
#bilimkzo
#1қыркүйек_білім_күні
#264мектеп_лицей