Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай 2 - сыныптар арасында ұйымдастырылған «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрметпен қарауға , мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Сайыстың нәтижесінде мәнерлеп оқу талаптарын ойдағыдай талапқа сай орындағаны үшін төмендегі оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
Бас жүлде 2 "Ә" сынып оқушысы Шамшедин Аянат
1 - орын 2 "Б" сынып оқушысы Серік Айлин
2 - орын 2 «З» сынып оқушысы Жанторе Аян;
2 «Г» сынып оқушысы Жаңабай Әлинұр;
2 “П” сынып оқушысы Балтабай Ақзере
3 - орын 2 «Д» сынып оқушысы Абай Ерқанат;
2 «Л» сынып оқушысы Айбекқызы Малика
2 «Н» сынып оқушысы Нартай Нұрпейіс.
Қалған сынып оқушылары сайысқа белсенділікпен қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Қорытындылай келе, оқушыларымызға білім додасында биік шыңдарды бағындыра берсін демекпіз.