Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде 25 қыркүйек күні 3 - сыныптар арасында "Тілім менің - тірлігімнің айғағы" атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты:
1.Оқушыларды мемлекеттік тілдің өркендеуіне үлес қосуға, мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу;
2.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сайысқа 18 сыныптан оқушылар қатысты. Сайыс барысында әр оқушы өз өнерлерін жақсы деңгейде көрсетті. Нәтижесінде сайыста бас жүлдені - 3 "Ж" сынып оқушысы Темірбек Еркеназ, 1 - орынды - 3 "А" сынып оқушысы Кенжебай Ләйла, 3 "С" сынып оқушысы Сәбенова Айзере, 2 - орынды - "З" сынып оқушысы Толыбай Зейнеп, 3 "Г" сынып оқушысы Оразбайқызы Амина, 3"М" сынып оқушысы Әміржан Інжу, 3 - орынды - 3 "Л" сынып оқушысы Иманалиева Кәусар, 3 "В" сынып оқушысы Орынбасар Хадиша, 3 "Д" сынып оқушысы Есен Назым, 3 "И" сынып оқушысы Жаймағанбет Нұрғиса иеленді. Қалған сайысқа қатысушы сайыскерлер "Алғыс хатпен" марапатталды. Сайыс өз деңгейінде өтті.