ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ - бабаларымыздың ұрпағына қалдырған рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы болып табылады. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды. Көшпенділер ойындарын қолдай отырып, 2024 жыл 9 қыркүйек «Тоғызқұмалақ» күні деп белгіленді. Осы орайда, А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінде қала мектептерінің қатысуымен ұлттық мұрамызды дәріптейтін ерекше жарыс өткізілді. Жарысқа 35 команда, 100-ге жуық оқушылар қатысып бақ сынады. Шараға қалалық білім бөлімінің әдіскері Аманов Еркебұлан Ахметұлы, Тоғызқұмалақтан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылорда облыстық тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының атқарушы директоры Елеусинов Біржан Мектепханұлы қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Бүгінде ұлттық құндылықтарымыздың кейбірі жаңғырып байып, заманауи сыйпатпен көркейіп, халқымызды әлемге танытып келеді. Жарыс соңында оқ бойы оза шапқан 4 команда жеңіске жетті. #264 мектеп-лицей командасы Жетекшісілері: Тілеубаев Ермек, Рзаев Бексұлтан Ұлттық спорт түрлерін қолдап, жас ұрпаққа үйретуден жалықпай жүрген ұстаздарымызға мың алғыс!.


