6 наурыз күні Тәкей Есетов атындағы
#264 мектеп - лицейінің “Бастауыш сыныптар” бірлестігінің онкүндігіне орай ата - аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту, оқушыларға ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында 3 - сыныптар арасында ұйымдастырылған «Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасындағы адамгершілік, жауапкершілік қасиеттер көрінісі» атты топтық сайыс өткізілді.
Сайыс 3кезеңнен тұрды.
І кезең “Білгір болсаң, тауып көр!”
ІІ кезең “Суреттер сөйлейді”
ІІІ кезең "Ой толғау"
Барлық кезеңдерде балалар қызығушылық танытып, ата - аналар белсенділікпен қатысты. Нәтижесінде барлық қатысушылар дипломдармен марапатталады.
Сайысқа 18 оқушы, 8 ата - ана қатысты. Сайыс өз деңгейінде өткізілді .Әділқазылар бағалап,топтарды бағалады.
Шамшырақ тобы "Жаңашыл топ" номинациясы
Жұлдыз тобы "Шығармашыл топ" номинациясы
Жалын тобы "Зерделі топ" номинациясы
Болашақ тобы "Талантты топ" номинациясы
Қыран тобы "Дарынды" номинациясы
Қорытындылай келе, оқушыларымыз білім додасында биік шыңдарды бағындыра берсін демекпіз.
Ұйымдастырушылар: Жүнісова Ақтолқын
Досмаханова Тоты
Талманова Әсел
Жағыппар Бибіанар