Цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу - өзекті мәселе
«Тарих – бабалар жолы, болашақтың бағыты» онкүндігі аясында 10-сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдерге қатысты цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шарада цифрлық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, интернеттегі қауіп-қатерлер, жеке деректердің қауіпсіздігі, онлайн қарым-қатынас мәдениеті сияқты маңызды мәселелер қозғалып, оқушыларға оның түрлері, белгілері мен салдары, сондай-ақ мұндай жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары туралы нақты ақпарат берілді.
Семинар-тренинг интерактивті әдістер арқылы өткізіліп, жасөспірімдердің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, сыни ойлауын дамытуға және өз құқықтарын қорғай білуіне бағытталды.
Аталған іс-шараны «Тарих, құқық және жаһандық құзыреттер» бірлестігінің мұғалімдері Дарибаева С., Кайнбаева Г., Кишкенеева С. ұйымдастырып, оқушылардың қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға деген жауапкершілігін арттыруға үлес қосты.
Семинар жасөспірімдердің интернет кеңістігінде саналы әрі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.