Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының педагог-логопед маманы Аймақова Гүлназ Дүйсенбайқызы ата-аналарға кеңес өткізді.
Тақырыбы: Әуен мен қозғалыс үйлесімділігі арқылы зейінді арттыру
Мақсаты: Әуен арқылы баланың тілдік белсенділігін арттыру, сөздік қорын кеңейту;
Қимыл мен ырғақ арқылы есту, зейін және есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін жетілдіру, музыкалық ырғақты сезінуін қалыптастыру;
Топпен бірге әрекет ету, нұсқауды тыңдап орындау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Бала әуенді тыңдай отырып, ырғақты қимылдар жасай алады (қол шапалақтау, аяқпен тарсылдату, денені қозғалту).
Нұсқауды тыңдап, қарапайым қимылдарды орындайды («қолыңды көтер», «айнал», «секір» т.б.).
Әуенге байланысты қарапайым сөздер мен дыбыстарды (мысалы: ла-ла, па-па, бум-бум) қайталап айта бастайды.
Есту арқылы есте сақтау және еліктеу қабілеттері дамиды.
Музыкалық ойындар арқылы көңіл-күйі көтеріледі, тілдік белсенділігі артады.
Ұсынылатын ұзақтығы:
Күніне 10–15 минут.
Аптасына 4–5 рет.
Ойын түрінде, еркін атмосферада өткізіледі