«ӨЗ ЕЛІҢДІ ТАНЫ» ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
Оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Өз еліңді таны» бағдарламасы аясында 7 «Н» сынып оқушыларына сынып жетекшісі Қойшыбекова Гүлжанның ұйымдастыруымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық экскурсия өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық тарих пен мәдени мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Экскурсия барысында оқушылар туған өлкенің тарихына қатысты құнды деректермен танысып, көне жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар ел тарихында ерекше орын алатын тұлғалар туралы мәліметтер алып, өңірдің табиғаты мен биоалуантүрлілігі жөнінде танымдық ақпараттармен толықты.
Аталған шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге, туған елге деген құрметін арттыруға бағытталды.