Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«ӨЗ ЕЛІҢДІ ТАНЫ» ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
2026 жылғы 24 наурыз күні «Өз еліңді таны» бағдарламасы аясында 5 «Д» сынып оқушыларына сынып жетекшісі Сағымбаева Нұриланың ұйымдастыруымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық экскурсия өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық тарих пен мәдени мұраға құрмет сезімін қалыптастыру.
Экскурсия барысында оқушылар өлкеге қатысты тарихи деректермен танысып, көне жәдігерлерді тамашалап, ел тарихында ерекше орын алатын тұлғалар туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар туған өлкенің табиғаты мен биоалуантүрлілігі жөнінде танымдық ақпараттармен сусындады.
Аталған шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталды.