Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалықтың кепілі
Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау және жеке жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында мектебімізде 8–11 сынып оқушыларына арналған «Заң және тәртіп» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Аталған іс-шараға ҚПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Б. Жұбатов, сондай-ақ тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Н. Дүйсебекова мен Г. Қиымов арнайы қатысып, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында қазіргі таңда жастар арасында өзекті болып отырған буллинг, лудомания, есірткіге тәуелділік, сондай-ақ топтық төбелестердің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушылар заң талаптарын сақтау, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын терең түсінді.
Бұл шара оқушылардың саналы азамат болып қалыптасуына, қоғамда заң үстемдігін құрметтеуге және қауіпсіз орта құруға өз үлесін қосты.