8 «А» сыныбының жетекшісі Нұрмаханова Гүлзаттың ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп — халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
• Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
• Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру;
• Заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу;
• Азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар «Мен және Заң» пікірсайысына қатысып, Конституциялық викторина арқылы білімдерін сынады. Сонымен қатар «Құқық пен міндет» жағдаяттық ойыны арқылы өмірлік мысалдар негізінде құқық бұзушылықтың салдары талқыланды.
Қорыта айтқанда, заңды құрметтеп, тәртіпті сақтайтын жас ұрпақ — еліміздің жарқын болашағының кепілі.