«Заң және тәртіп» – жауапты қоғамның кепілі
2025–2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айындағы «Заң және тәртіп» айлығы бойынша маңызды профилактикалық іс-шара өтті.
Полиция бөлімінде «Ашық есік» күні аясында ұйымдастырылған көрме сот отырысы ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізілді. Сот процесінде адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды, айыпталушы – кәмелет жасқа толмаған.
Іс-шараға облыс бойынша 9–10 сынып оқушылары, колледж және университет студенттері онлайн түрде қатысып, жоспарға сәйкес 20 мыңға жуық жасөспірім қамтылды.
Көрме сот отырысы 2026 жылғы 19 қаңтар күні сағат 11:00-де Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.
Мұндай тағылымды іс-шаралар жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, заң мен тәртіптің маңызын терең түсінуге және жауапкершілік сезімін арттыруға зор ықпал етеді.