«Заң және тәртіп» жобасы аясында Қызылорда қаласы прокуратурасымен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі оқушыларына «Закладчики» фильмі көрсетілді.
Аталған фильмнің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге есірткі қылмысының зияны мен оның құқықтық салдарын түсіндіру, заң алдындағы жауапкершілікті сезіндіру және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.
Көрсетілім барысында оқушылар қоғам дертіне айналған есірткі мәселесінің қауіптілігі туралы мағлұмат алып, заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екеніне көз жеткізді.