ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мектеп директоры Алмат Бақытбекұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Қиымов 8, 9, 10-сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесуде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, оның қоғамға және жеке тұлғаға тигізер зардабы туралы кеңінен айтылып, заң мен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті екені түсіндірілді.
Осындай шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастырады.