«Үздік география пәнінің мұғалімі – 2025» қалалық байқауы
17 қазан күні қала мектептерінің география пәні мұғалімдері арасында «Үздік география пәнінің мұғалімі – 2025» атты байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату және заманауи әдіс-тәсілдерді қолданатын шығармашыл, жаңашыл ұстаздарды анықтап, олардың кәсіби деңгейін шыңдау.
Аталған байқауда мектебіміздің география пәні мұғалімі Жантуғанова Гүлнәр Үсенқызы өз кәсіби біліктілігі мен шығармашылық шеберлігін жоғары деңгейде танытып, ІІ орын иеленді.
Гүлнәр Үсенқызын жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, кәсіби шыңдалудың жаңа белестерін бағындыра беріңіз.