Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 12 бұйрығына сәйкес «Үздік педагог» байқауы 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Конкурс жылына үш кезең бойынша ұйымдастырылады. Конкурстың I кезеңі – қалалық, ІІ кезеңі – облыстық және ақтық кезең – республикалық.
Конкурс материалдарына қойылатын талаптар
1. Портфолио соңғы 3 жылдағы материалдарды қамтиды (марапаттар – 10 жылға дейін).
2. Бейнежазба және сабақ жоспары.
Сабақтың бейнежазбасы оқушылардың белсенді оқу әрекетін көрсетеді. Сыныптағы өзара әрекеттестікті көрсету маңызды: тапсырмаларды орындау, талқылаулар, пікірлер айту және оқушылардың тәуелсіз қорытындылары; өзекті әдістер мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану. Бейнежазба нақты оқу процесін, кері байланысты, формативті бағалаудың элементтерін, жеке ерекшеліктерді ескере отырып, функционалдық сауаттылықты, сыни ойлауды және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Қабылданатын бейне ұзақтығы:
*Бала бақша педагогтері үшін – 7 минутқа дейін;
*Жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері үшін – 15 минутқа дейін.
Сабақ жоспары бейнематериалға сәйкес, логикалық құрылымдалған болуы тиіс.
3. Тәжірибе таратуға арналған бейнеролик (5 минутқа дейін)
Қатысушы инновациялық тәжірибені көрсететін бейнеролик ұсынады, мысалы, білім беру практикасына жасанды интеллект технологияларын енгізу, сапаны жақсартуға бағытталған жаңа әдістемелер мен тәсілдер. Инновациялардың нақты әсері көрсетілуі тиіс: мотивацияны, белсенділікті және нәтижелілікті арттыру.
Бейнероликке ұсыныстар: мазмұнның толықтығы және өзектілігі, логикалық және жүйелі баяндау, практикалық бағыттылық пен әдістерді таңдау негіздемесі, тәжірибенің педагогикалық маңыздылығына авторлық түсініктеме, заманауи әдістерді қолдану, визуалды көрнекілік, техникалық дәлдік және шығармашылық тәсіл.
4. Эссе (500 сөзге дейін)
Эссе жеке кәсіби ұстанымды, білім берудегі қазіргі сын-қатерлерге көзқарасты, оқушылар тұлғасын қалыптастырудағы және білім беру жүйесін дамытудағы өз рөлін көрсетуі тиіс.
Қатысушы төмендегі тақырыптардың бірін таңдай алады:
1) «Мұғалім және жасанды интеллект: ынтымақтастық па, әлде сынақ па?».
Жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері мен тәуекелдерін қарастыру, жеке ұстаным мен қолдану тәжірибесін дәлелдеу.
2) «Оқушылармен (тәрбиеленушілермен) бірге өзгеру, өсу және оларды қалай шабыттандыруға болады». 
Оқушылармен сенімді конструктивті қарым-қатынасты орнатуға және кәсіби өсуге мүмкіндік беретін өзінің педагогикалық философиясымен тәсілдерін қалыптастыру.
3) «Сабақ (оқу, іс-шара) – оқытуды қалайша жанды, маңызды және қызықты ету».
Оқу процесін жарқын, эмоциялық түрде тартымды әрі есте қаларлық ететін тәсілдер мен авторлық идеяларды сипаттау.
4) «Болашақ педагогі: болашақта қандай дағдылар білім беру әлемінің есігін ашады».
Бүгінгі күнде табысты педагог үшін қажетті кәсіби және жеке құзыреттерді қарастыру: цифрлық сауаттылықтан эмпатияға, сыни ойлаудан тәлімгерлік пен жаңашылдыққа дейін.
5) «Ертеңгі күнді құра отырып: педагог өз болмысын ашуға және әлеммен бір болуға қалай көмектеседі».
Педагогтің оқушы тұлғасын дамытудағы әсерін, оның құндылықтарын қалыптастыруды, ойлауды, шешім қабылдауды және жауапты азамат болуды үйретудегі рөлін талдау.
Бағалау өлшемшарттары: тақырыпқа сәйкестік, жаңашылдық және кәсіби құндылықтардың көрінісі.
«Үздік педагог» атағын беру республикалық конкурсының қалалық кезеңі шілде айында өтеді.
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Жанна Омарова +7 777 454 4432