Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының  педагог-логопед маманы Жаншаева Данара Талгатовна пән мұғалімдерімен кеңес өткізді.

Кеңес тақырыбы: “Зейін мен түсінік қалыптастыруға арналған логопедиялық-танымдық жаттығулар”

Мақсаты:
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізетін пән мұғалімдеріне логопедиялық қолдау көрсету, олардың зейінін шоғырландыру мен түсінігін қалыптастыру бағытындағы әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Кеңес барысында:
Зейінді дамытуға арналған ойын және жаттығу түрлері көрсетілді;  
Түсінікті қалыптастыруға бағытталған визуалды тапсырмалар ұсынылды;  
Логоритмикалық, артикуляциялық жаттығулар үлгілері таныстырылды;  
Мұғалімдерге арналған практикалық тапсырмалар орындалды;  
Әр пәнге бейімделетін әдіс-тәсілдер бойынша пікір алмасу өтті.

Нәтижесі:
Пән мұғалімдері ерекше оқушылармен жұмыс жүргізуде логопедиялық тәсілдердің тиімділігін түсініп, сабақ барысында қолдану үшін қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілді. Кеңес тәжірибе алмасуға, өзара қолдауға және оқушы жетістігін арттыруға үлкен септігін тигізді.