"Зерде" зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 2025-2026 оқу жылына арналған 2-7-сынып оқушылар арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының І (мектепішілік) кезеңі болып өтті.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру және шығармашылық әлеуетін қолдау.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексеріп, әділ бағалап, жүлдегерлерді анықтады. Оқушылар өз зерттеу жобаларын презентация арқылы қорғап, өз идеяларын сенімді түрде ұсынды.
Қалалық кезеңге төмендегі бағыт бойынша үздік жобалар іріктеліп, жолдама алды:
Қазақ тілі мен әдебиеті - 1
Қазақ әдебиеті - 1
Математика - 1
Қолданбалы математика - 1
Ағылшын тілі - 1
Орыс тілі - 1
Физика - 2
Космос - 1
Экология - 2
Этномәдениеттану - 2
Технология - 2
Информатика - 1
Туризм және спорт - 1
Медицина - 1
Ғылыми жоба қорғап, үздік нәтиже көрсеткен барлық қатысушыларға және жетекшілеріне қалалық кезеңге сәттілік!
Ізденіс пен білім жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!