Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қыс және маусымаралық кезеңдерде мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін қорғауда аса маңызды. Осыған байланысты білім алушыларға жұқа мұздың қауіптілігі мен сақтық шаралары туралы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Есенгелдиев Елдар Талғатұлы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Г. Киымов пен Н. Дүйсебекова түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мұздың шыдамдылығы оның қалыңдығы мен түріне байланысты. Тұрақты қыс мезгілінде бір адамға қауіпсіз мұз қалыңдығы 4–5 см, екі адамға – 8 см, ал 5–7 адамға – 12–14 см болуы қажет. Ең берік мұз – көкшіл түсті, көпіршіксіз мұз. Ал сүт түсті, мөлдір мұз (қар қалың жауғаннан кейін пайда болатын) өте әлсіз болып келеді және бірден опырылып түсуі мүмкін. Мұз үстінде жүрген кезде сықырлаған дыбыстар естілсе, бұл оның жарылу қаупін білдіреді.
Көктем мезгіліндегі мұз ең сенімсіз, ол көбіне ақ немесе күңгірт сарғыш түсті болады. Сондай-ақ күз мезгілінде қатпаған қар қуыстарына аяқ басу қауіпті. Айдындардағы мұз біркелкі қатпайды, сондықтан өзен бұрымдары, тік жағалаулар, қамыс өскен жерлер, тасты және ағашты аймақтар, су ағып жатқан тұстарда мұз өте жұқа болады.
Мұздағы қауіпсіздік ережелері: 
– жұқа, қатпаған мұз үстіне шықпау;
– мұз үстінде топ болып жиналмау;
– ойықтар мен жарылған мұзды жерлерге жақындамау;
– шанамен, шаңғымен тік жарлы жерлерден өтпеу;
– қараңғы уақытта мұз айдынына шықпау.
Жұқа мұзда қауіпсіздік ережелерін сақтау – жазатайым оқиғалардың алдын алып, адам өмірін қорғаудың басты шарты болып табылады.