Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы

Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 31 қазан 2024 жылы сағат 10:00-де жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н. Дуйсебекова мен Г. Қиымов ұйымдастырды.

Жиналыстың мақсаты: ата-аналарды 2024-2025 оқу жылындағы І оқу тоқсанының қорытындысымен және тәрбие бағытында атқарылған жұмыстармен таныстыру, ата-аналарды пән мұғалімдерімен жеке кездестіре отырып, білім алушылардың білімі мен тәртібі жайлы ақпарат алу мүмкіндігін беру.

Жиналысқа келген ата-аналарды мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері қарсы алды. Мектеп-лицейдің АКТ залында ҚББО білім алушылары әннен шашу шашып, күмбірлетіп күй ойнатты, мың бұрала биледі. Күн тәртібіне сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н. Дүйсебекова мен Г. Қиымов ата-аналарға білім ортасының тынысымен таныстыра отырып, 2024-2025 оқу жылының І оқу тоқсанында атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарына шолу жасады. Мектеп-лицейдің инспекторы Б. Жубатов оқушылардың қауіпсіздігіне, жолда жүру ережелеріне тоқталды. Мектеп жасындағы білім алушыларға қатысты заңнамалар мен ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды.

Жиналыстың екінші бөлігінде ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, оқушылардың білім деңгейі жайлы толық ақпарат алды. Белгіленген кабинеттерде пән мұғалімдері ата-аналарға қызмет көрсетті. Математика пәні мұғалімдері - 318 кабинетте; орыс тілі пәнінің мұғалімдері - 329 кабинетте; информатика пәнінің мұғалімдері - 322 кабинетте; физика пәнінің мұғалімдері - 324 кабинетте; қазақ тілі пәнінің мұғалімдері - 311 кабинетте; ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері - 308, 312 кабинеттерде; химия пәнінің мұғалімдері - 334 кабинетте; биология пәнінің мұғалімдері - 326 кабинетте; география пәнінің мұғалімдері - 315 кабинетте; тарих пәнінің мұғалімдері - 328 кабинетте; көркем еңбек пәнінің мұғалімдері - көркем еңбек кабинеттерінде (1 қабат); дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері - спорт залда (2 қабат) оқушылардың І оқу тоқсанындағы білім сапасымен таныстырды.

Мектепішілік ата-аналар жиналысына 680 ата-ана қатысып, жиналыстың өтілу барысына өздерінің оң бағаларын берді және мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тіледі. Ата-аналармен өткізілген жаңа форматтағы бұл жиналыс мектеп-лицей оқушыларының білім сапасының артуына өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.