Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 29 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдері арасында "Жаңашыл ұстаз-2024" кәсіби байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
1. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерін анықтау және оларға қолдау көрсету;
2. Мұғалім мәртебесін көтеру;
3. Үздік педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, насихаттау және тарату;
4. Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыру.
Кәсіби байқау үш кезеңді қамтыды:
І кезең: Таныстыру "Шығармашылық жолдың бастамасы"
ІІ кезең: "Жаңашыл ұстаз-заман талабы" эссе жазу байқауы
ІІІ кезең: Панорамалық сабақ
Аталмыш байқауға төрт мұғалім қатысып, өздерінің білімдері мен кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Байқау барысында әр мұғалім кезең-кезең бойынша ұйымдастырылған жұмыстардан ұпай жинау арқылы сараланды.
Атап айтсақ:
"Жаңашыл ұстаз-2024" номинациясын Бижан Назерке иеленді;
1-орын: Жүсіпназар Айдана;
2-орын: Қуаныш Лира;
3-орын: Жағыпар Бибіанар.
Қорытындылай келе, қазіргі таңда білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты әр мұғалім дайын білім беруші емес, бағыттаушы екенін түсіну қажет.
Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың: "Сендер адаспаңдар - арттарыңнан алаш адасады, арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар" деген сөзін әр ұстаз жадында ұстауы керек. Ендеше, әр педагог өз шәкіртін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болашағы ретінде тәрбиелеу үшін барын да, жанын да салуы керек. Сапалы білім берудегі негізгі міндет те, мақсат та осы демекпіз.