Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
21.02.2025 жылы өткізілген "Жайдарман" ойыны жастарды тәрбиелеп қана қоймай, қоғамдағы келелі мәселелерді астарлы әзілмен жеткізу бағытында жүрген ұйымдастырылған іс - шаралардың бірі.
Мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көңілділер мен тапқырлар клубы қозғалысын дамыту, жас мамандарды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды насихаттау болып табылады.
Жайдарман ойының жүргізушісі - Ердібек Мадияр Ердібекұлы.
«Сыр лигасы» жобасы аясында өткізілетін мектепішілік жайдарман ойындарының талаптары:
• 8 - 9 - 10 сынып оқушылары;
• Жайдарман құрамасы 5 адамнан кем болмауы тиіс;
• Жайдарман құрамасы біркелкі киім үлгісінде болуы тиіс;
Сайысқа қатысушы:
1. «Bizdin STYLE»
2. «Құрама 6»
3. «Тәуекел»
4. «Базар жоқ»
5. «Әзіл қошқарлары»
6. «Ғ 4»
7. «Есетов жастары» командалары өнер көрсетті
Командалардың өнерін әділ бағалап, төрелік еткен әділқазылар:
Қалалық “Жастар” театры директоры орынбасары Алдажаров Әлмұхаммед Бақытбекұлы;
Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дуйсебекова Нейла Асылхановна;
Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің АӘТД пәнінің мұғалімі Абдигапбаров Сабыр Абсаттарович;
Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Киымов Габдул Калилаевич;
Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің парламент көшбасшысы Базарбай Наби.
Іс - шара жайдарман әнұранымен басталып командалардың сәлемдесуімен жалғасты. Өз өнерін көрсеткен командалар арасында тартысты ойын болды.
1. І орын «Әзіл қошқарлары» 9 «А» 20000 сертификат;
2. ІІ орын «Bizdin STYLE» 8 «Г» 15000 сертификат;
3. ІІІ орын «Ғ 4» 9 «Д» 10000 сертификат;
Алғыс хат
1. «Құрама 6» 8 «Л»;
2. «Тәуекел» 9 «Ә»;
3. «Базар жоқ» 8 «А»;
4. «Есетов жастары» 9 «Е, Н,М» 8 «К».
«Сыр лигасы» сайысы аясында өткізілген мектепішілік «Жайдарман» сайысына демеушілік көрсетіп, жас жайдарманшыларға қолдау білдіргені үшін Шагиров Азиз Алиевич, Гульнар Жусипбековна Ханиева, Шинтасова Гульсамал Канибаевнағаа алғыс білдіреміз.