Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы #264 мектеп-лицей базасында 12 желтоқсан күні 4 - сыныптар арасында "Жаратылыстану ғажайыптары" тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайысты ұйымдастырушылар бастауыш сынып мұғалімдері:
Жайшылықова Рита, Досмаханова Тоты.
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттері, ойлау ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.Есте сақтауын, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сайыс 3 кезең бойынша жүргізілді.
1 кезең "Бәйге" тест
2 кезең "Мен зерттеушімін" тәжірибе жасау
3 кезең "Сен білесің бе?" сұрақ - жауап

Оқушылар сайысқа белсенділікпен қатысты. Балалар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды. Сайыс қорытындысына орай бас жүлдені 4 "П" сынып оқушысы Раймбек Нұрислам;
I орынды 4 "В" сынып оқушысы Дәурен Даниял;
II орынды 4 "З", "Е" сынып оқушылары Бақытжан Мағжан, Ғалымжанұлы Мансұр;
III орынды 4"Д", "К", "М" сынып оқушылары Жаңабай Амира, Елтай Айбарша, Жеңіс Айзере иемденді. Оқушылар арасында өткізіліп отырған сайыстырдың оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырары сөзсіз. Жас ұрпақ әлемнің біртұтастығын саналы түсініп, оған бой ұсынса, оның болашағы биік болары хақ.