Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жаратылыстану лабиринті» сайысы өтті 
13 қазан күні Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 4-сыныптар арасында «Жаратылыстану лабиринті» атты сайыс ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау мен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Сайыс екі кезеңнен тұрды:
«Табиғат сөйлейді. Мен табиғаттың бір бөлшегі»
«Білім станциялары»
Жалпы сайысқа 18 оқушы қатысып, өзара білім мен тапқырлықтарын сынады. Барлық кезең бойынша ұпай саны есептеліп, төмендегідей жүлдегерлер анықталды:
Бас жүлде: 4 «Е» сынып оқушысы - Айғалиұлы Арсен
I орын: 4 «З» сынып оқушысы - Қуаныш Айкөркем
I орын: 4 «М» сынып оқушысы - Серікбай Нұрмұхаммедәлі
II орын: 4 «В» сынып оқушысы - Алпысбай Миратхан
II орын: 4 «Л» сынып оқушысы - Жалғас Алан
II орын: 4 «С» сынып оқушысы - Сабенова Айзере
III орын: 4 «Р» сынып оқушысы - Ыбрай Райана
III орын: 4 «К» сынып оқушысы - Сағидуллақызы Назерке
III орын: 4 «И» сынып оқушысы - Маханбетжан Медина
Қалған қатысушылар белсенділігі үшін «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Қорытындылай келе, оқушыларымызға алдағы білім додаларында да биік белестерді бағындыра берсін дегіміз келеді!
Ұйымдастырушылар:
Бижанова Назерке
Қуаныш Лира