15 қаңтар күні Т.Есетов атындағы
№264 мектеп-лицейінде «ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ, ГЕОГРАФИЯ пәндері» бірлестігінің онкүндігі аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы, «Биология, география және химия» БББ-мен бірлескен «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы инновациялар» атты мектеп мұғалімдеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушылары мен профессорлары мектеп басшысы
Б.С. Тумурзаевпен кездесіп, мектеп пен университет арасындағы тығыз сабақтастық байланыс бар екендігін айтып, семинар барысы талқыланды.
Семинарда төмендегі тақырыптар бойынша талқылау өткізілді.
"Жаратылыстану бағытындағы білім берудегі инновациялық
тәсілдер: теориядан оқушылардың практикалық зерттеулеріне дейін".
Баяндамашы: Абызбекова Гүлмира Мыңбайқызы - Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығының бас ғылыми
қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты, университет профессоры
«Географиядан контексті тапсырмаларды қолдану тиімділігі». Баяндамашы: Назарова Гульмира Асылбековна - педагогика ғылымдарының кандидаты, “Биология, география және химия” БББ аға оқытушысы.
«Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық негіздері». Избасарова Жанар Жақсыбайқызы — Биология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
«Основы нейробиологии в образовании: что важно знать учителю» Жандаулетова Райхан Болатқызы - биология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Т.Д.Қуанышбаев атындағы
химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығының аға ғылыми
қызметкері
«Мектеп химиясындағы цифрлық зертханаларды пайдалану: қиындықтары мен мүмкіндіктері». Джаксыбаева К. С 8D01515 - Химия БББ 2-курс докторанты.
Семинар барысында аталған тақырыптар мектеп мұғалімдерінің практикасында қалай жүзеге асып жатқаны талқыланып, өзара ашық пікір алмасу болды. Жас мамандар өз қоржындарын мол мәліметпен толықтырды.