«ЖАС ҚАНАТ – 2025» Халықаралық өнер байқауындағы жарқын жеңіс
2025 жылдың 8 қараша күні Қызылорда қаласында өткен «ЖАС ҚАНАТ – 2025» Халықаралық өнер байқауының «Бейнелеу өнері» номинациясында мектебіміздің «Қылқалам шеберлері» үйірмесінің талантты мүшелері жоғары нәтиже көрсетті.
Жұмаханова Инабат – Бас жүлде иегері
Мұратбек Хамида, Мүбәрәк Нұрислам, Ниетулла Нұрмұхаммед, Әсембек Нұртілек – І орын иегерлері атанды.
Барлық қатысушылар арнайы диплом және кубокпен марапатталды.
Үйірме жетекшісі Мажиханов Нұрлан ағайға оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштап, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырғаны үшін зор алғыс білдіреміз.
Сіздің еңбегіңіз бен қолдауыңыздың арқасында шәкірттер биік белестерді бағындыруда.
Ұжым атынан жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшісін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!