Кітап оқитын ұлт: оқу сауаттылығы, ЖИ және мұғалім шеберлігі
#bilimkzo
#264мектеп_лицейі
#кітап_оқитын_ұлт
#біртұтастәрбие
13 қазан күні 6-сынып оқушылары арасында оқушылардың көркем шығарманы оқу, түсіну, талдау және шығармашылық тұрғыдан интерпретациялау дағдыларын дамыту, ұлттық әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесі бойынша «Жас оқырман – зерделі ұрпақ» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді.
Сайыс барысында оқушылардың әдеби шығармалар бойынша білімдері, тапқырлығы, жылдам ой қорыту қабілеті және шығармашылық ізденісі сынға түсті. Зияткерлік сайыс төрт кезеңнен тұрды.
1-кезең. «Сұрақ-жауап – білімге талап»
2-кезең. «Blitz-Story» (Төрт сурет-бір жауап)
3-кезең. «Оқиға комикс әлемінде»
4-кезең. «Кейіпкерге хат» (Шығармашылық жұмыс)
белсенділік танытып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сайыс жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, әдеби дүниетанымын кеңейтуге, логикалық ойлауын және шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етті.
Сайыс қорытындысы бойынша «Қырандар» тобы 1-орын, «Алыптар» тобы мен «Арландар» тобы 2-орын, «Балуандар» тобы мен «Батырлар» тобы 3-орын иеленді.
Танымдық іс-шара оқушылардың кітаппен достығын нығайтып, рухани бай, білімді әрі зерделі ұрпақ тәрбиелеуге жол ашты.