Жас шахматшылардың кезекті жеңісі
Қызылорда қалалық білім бөлімінің қолдауымен дәстүрлі оқушылар спартакиадасы аясында мектеп оқушылары арасында шахмат жарысы өтті. Осы додаға мектебімізден 8-сынып оқушысы Айдарбек Нұрдос, 7-сынып оқушысы Ноябрь Ұлықпан, 6-сынып оқушылары
Қайрат Әли мен Айдарбек Айзере қатысып, мектеп командасының құрамын жасақтады.
Жарыстың негізгі мақсаты – облыстық деңгейде өнер көрсететін дарынды оқушыларды анықтау, шахмат спорт түрінен оқушылардың шеберлігін шыңдау және облыстық сайысқа лайықты командаларды іріктеу.
Жарыс нәтижесінде Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің командасы үздік өнер көрсетіп, 1-орынды иеленді және облыстық кезеңге жолдама алды.
Мектеп басшысы Алмат Бақытбекұлы жеңімпаз оқушыларды арнайы құттықтап, лайықты марапаттарын табыстады. Алда өтетін облыстық жарыста сәттілік тілеп, зор үміт артатынын жеткізді. Біз де алдағы облыстық кезеңнен тек жеңіс күтеміз!
Шахмат үйірмесінің жетекшілері:
Орақов Әділ, Сүюндіков Марат, Қайрақбайұлы Нұрсұлтан, Абенов Бахытжан, Сейдеметов Мұхамедәлі.