2025 жылдың 12 қыркүйегінде Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды шара ұйымдастырылды. Онда «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, есірткіге тәуелділіктің, буллингтің, бопсалау және жол - көлік оқиғаларының алдын алу, сондай - ақ түнгі уақытта балалардың заңды өкілінсіз жүрмеуі» тақырыбы кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында мектеп - лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Киымов пен мектеп инспекторы Жұбатов Берекет оқушыларға жан - жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
-
Құқық бұзушылықтың қоғамға ғана емес, адамның өз болашағына да кері әсері бары айтылды.
-
Есірткі заттарының денсаулыққа тигізер ауыр зияны, тәуелділікке әкеліп, жасөспірімнің өмірін құрдымға кетіретіні нақты деректермен түсіндірілді.
-
Буллинг пен бопсалаудың психологиялық соққысы, құрбанға ғана емес, оны жасаушыға да зиян келтіретініне тоқталды.
-
Түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің қауіптілігі, жасөспірімнің түрлі жағдайларға тап болып, қылмыстың құрбаны не қатысушысы болып кету ықтималдығы түсіндірілді.
-
Жол - көлік оқиғаларына байланысты қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде кеңестер берілді.
Оқушылар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.