Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде оқушылар мен ата-аналардың жасанды интеллект туралы түсінігін кеңейтуге, заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект туралы жалпы ақпарат алып, білім беру үдерісінде қолдануға болатын тиімді AI құралдарымен танысты. Сонымен қатар танымдық және дамытушы виртуалды ойындар ойнатылып, «Бәріміз бірдейміз» атты бейнеролик ұсынылды.
Кездесу барысында жасанды интеллекттің оқу үдерісіндегі мүмкіндіктері, оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылығын және цифрлық сауаттылығын дамытудағы маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік, жеке ақпаратты қорғау, сенімді дереккөздерді пайдалану және технологияларды жауапкершілікпен қолдану ережелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның басты мақсаты – мұғалім, ата-ана және бала арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, цифрлық технологияларды бірлесе әрі тиімді пайдалануға бағыт беру.
Технология – білімнің жаңа мүмкіндігі!