12 наурыз күні Т.Есетов атындағы 264 мектеп-лицейінде “Жасанды интеллект құралдарын педагогикалық қызмет тиімділігін арттыру мақсатында қолданудың ерекшеліктері” тақырыбында бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі аясында "Ыбырайдың тағылымдық әңгімелері" тақырыбында мұғалімдердің қатысуымен кітап оқу клубы өткізілді.
Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен
шығармашылығын насихаттау ;тағылымдық әңгімелерін оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қолдана білу.
Мұғалімдердің шығармашылық
қабілетін дамыту.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Жұмыс барысында 3-кезең қамтылды:
1-кезең: “Білім бәйгесі”
2-кезең:"Өлеңді жалғыстыр”
3-кезең: “Шығарманы тап”
Мұғалімдер Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына арналған кітап оқу клубына үлкен дайындықпен келіп, өз білімдері мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Кітап оқу клубы барысында қатысушылар белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Кітап оқу клубы топтық формада ұйымдастырылды.Әр топ жұмыс барысындағы белсенділіктеріне орай төмендегідей номинациялар бойынша
марапатталды:
1 -топ: “Ыбырай мұрасын үздік насихаттаушы”
2 - топ: “Ыбырайдың ізбасарлары”
3 -топ: “Үздік әңгіме талдаушы”
4 -топ: “Ыбырай әңгімелерінің білгірі”
Қорытындылай келе,
бала жүрегіне жол таба білген мұғалім – нағыз ұстаз деп атауға болады.
Баршаңызға шығармашылық табыс, толағай жетістіктер, сарқылмас шабыт және шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Ұйымдастырушылар:
Жүнісова Ақтолқын
Ибадуллаева Индира
Бижанова Назерке