27 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдері Ақышева Нұргүл, Исаходжаева Гүлжаухар, Әбенова Ақжан, Айтбай Динараның ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «Жасанды интеллект-мектепте» атты тренинг өткізілді.
Мақсаты: білім беруде жасанды интеллектті пайдалану білім сапасын арттыруға, қолжетімділікті кеңейтуге және білім беру тәсілдерін инновациялық енгізуге айтарлықтай мүмкіндіктер береді. Оқу материалын жеткізудің жаңа жолдары: ЖИ оқушыларға интерактивті ойындар, виртуалды экскурсиялар, 3D модельдер және т.б. арқылы оқуды тартымды және тиімді етуге мүмкіндік береді.
Тренинг барысында көрсетілген ЖИ құралдары:
Peo;
Presentation ai;
Luma ai;
Corinth;
d id.
Жасанды интеллект мұғалімдерге оқу процесін жетілдіруге, жеке оқыту тәжірибесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЖИ-дің білім беру саласында ұсынатын мүмкіндіктері білім беру сапасын арттырып, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған жаңа дәуірдің бастамасы болып табылады.