Жасанды интеллект – заманауи ақпараттық технологияның негізі
«Информатика-физика» бірлестігінің онкүндігі аясында 19 қаңтар күні информатика пәнінің мұғалімі Мұханова Таңшолпан Ердесқызының ұйымдастыруымен 7–11 сынып оқушылары арасында
«Информатика және STEM бағытындағы үйірмелер жұмысына жасанды интеллект жобасын ұйымдастыру» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың информатика және STEM бағыттары бойынша білімін тереңдету, жасанды интеллект технологиялары туралы түсінігін кеңейту, шығармашылық, логикалық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Оқушылар жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, өз жобаларын ұсынып, үш кезең бойынша бақ сынады:
«Жедел сұрақ»
«Менің жобам»
«Құпия алаң»
Ұсынылған жобалар жаңашылдығымен, өзектілігімен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, алғыс хаттармен ынталандырылды.
Іс-шара оқушылардың заманауи технологияларға деген қызығушылығын арттырып, болашаққа бағдар беретін маңызды тәжірибе алаңына айналды.