Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

💢2024 жылы қарашаның 13-і күні Эстетика бірлестігі және қосымша білім беру орталығының "Музыка және өнердің көркемдік әдістері арқылы шығармашылық идеяларды дамыту" онкүндік  аясында қалалық білім бөліміне қарасты қала мектептерінің көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған "Жасанды интелект және ұлттық құндылықтарды сақтай отырып,көркем еңбек пәні арқылы өнер мен шығармашылықты дамыту" тақырыбында қалалық семинар болып өтті. 
✅Семинар мақсаты: өнер өмір шындығын көркем бейнелер жүйесі арқылы, қоғамдық сана мен адам іс әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланған ұлттық құндылықтарға негізделген тұлға қалыптастыру. 
✅Ұйымдастырушылар: Қалалық білім бөлімі мен 264 мектеп -лицей "Эстетика" бірлестігі. Семинарға «Өрлеу» БАҰО АҚ кәсіби даму институты Қызылорда облысы бойынша  филиалының аға оқытушысы Есенбекқызы Мақпал және қала мектептерінен 38 мұғалім қатысты. 
💢 Семинарды мектеп басшысы Тумурзаев Бек Сұлтанбекұлы  келген қонақтарға сәттілік тілеп, ашып берді. Семинар жоспарына сәйкес "Ұлттық өнер — өміршең қазына" тақырыбында көрме,  әр түрлі тақырыптарда шеберлік сыныптар және қорытынды бөлімінде дефиле болып өтті. 
📚Семинар соңында қатысушылар акт залға жиналып, семинар туралы кері байланыстарын "Mentimeter" программасы арқылы білдірді. Семинар соңында шеберлік сынып көрсеткен, сондай ақ семинар барысында белсене атсалысқан ұстаздар «Өрлеу»  БАҰО АҚ кәсіби даму институтының алғыс хаты және қалалық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.