13 желтоқсан күні Т. Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінде облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог аға маманы Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы, психолог Қойшыбаева Қарлығаш Балтабайқызы және мектеп - лицейдің дінтану пәні мұғалімі Ибрашева Гулім Омарқызының қатысуымен 9 - сыныптар арасында «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын - қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырады. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік - саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізуімен ерекшеленеді.
Кездесу барысында, діни мамандар оқушыларға жат ағымдардан сақтану жолдарын түсіндіріп өтті. Тұғырлы мемлекетімізде қоғамға әсер етіп, қорқыныш тудыратын діни ағымдар да аз емес екеін айта келе, атағы жер жарып тұрған экстремистік ұйымдардан аулақ болу, бұрыс бағыттардан өзін - өзі алшақ ұстау мәселелері жайлы сөз қозғап, қоғамдағы ең өзекті мәселе екенін атап өтті.Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, ашық пікір алысу жасады.