Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

15 наурыз күні «Таза қазақстан» республикалық бағдарламалық жобасы аясында Т. Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейінде түлектердің өз мектебіне, туған өлкесіне деген құрметін білдіру, олардың экологиялық мәдениетін арттыру, болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдыру мақсатында білім ордасының ауласына ағаш отырғызу экочелленджін жасады. 
Бітіруші түлектер аталмыш шараға бір кісідей атсалысып, мектеп ауласын қоқыстан тазалап, жер аударды. Жоғары сынып оқушылары өздері отырғызған көшеттер болашақта үлкен саялы ағаш болатына сеніммен қарап, көгалдандыру жұмыстарын көтеріңкі көңілмен атқарды.
"Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген ата - бабаларымыздың қанатты сөзін берік ұстанған мектеп ұжымы алдағы күндері де наурызнама бағдарламасы бойынша көгалдандыру жұмыстарын жалғастырмақ.