16 қаңтар күні Биология, химия,география пәндерінің онкүндігі аясында мектеп-лицей оқушыларына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің Жаратылыстану институтына,
Т. Д. Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми- білім беру орталығына, "Биология, География және Химия" БББ-на ғылыми танымдық, экскурсия және "Жасыл химия-болашақ химиясы" атты мектеп-лицей оқушыларына арналған ғылыми-танымдық семинар өткізілді.
Мақсаты: Жоғары оқу орнымен мектеп-лицей арасында әдістемелік әріптестікті нығайту, оқушыларға кәсіби білім берудегі жаңа көзқарас қалыптастыру химия, биология, география пәндерін таңдап отырған оқушыларға мотивация беру, оқушыларды профессорлар, магистранттар, докторанттармен кездестіру, қызықты тәжірибелер арқылы білім беру.
Мектеп оқушыларына арналған ғылыми-танымдық семинарға мектеп директорының ғылыми әдістемелік орынбасары Г. Жәнібекова, мектеп-лицейдің педагог-зерттеушілері, химия ғылымының магистрлері М. Абдраманова мен Г. Әбдіқайыр оқушыларды бастап барды. Оқушылар университет профессорларымен жүздесіп, 2-курс магистранттары дайындаған тәжірибелерді қызықтап, білім қорын толықтырып қайтты.