Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жат ағым - жақсылыққа апармайтын жол
#bilimkzo
#264мектеп_лицей
#Біртұтастәрбие
04.12.2024 ж. күні Т. Есетов атындағы
№264 мектеп-лицейінде “Жат ағым - жақсылыққа апармайтын жол» тақырыбында псхолог Қаржаубай Мадияр , теолог Жұмахмет Едіге және дінтану пәнінің мұғалімі Гүлім Омарқызы оқушылармен кездесу жасады.
Кездесу қонақтары дін мәселері бойынша сөз қозғады.
Қазіргі көкейкесті мәселенің бірі - діни ахуал. Елімізде, соның ішінде біздің өңірімізде де діни ахуал тұрақты болғанымен, түрлі жат ағымдардан төнген қауіп - қатердің әлі де сейілмеуі, оларды ұстанушылардыңтеріс пиғылға, алауыздыққа бейімдігі көпшілікті алаңдатып отыр.
Деструктивті ағымдардың үгіт - насихатына оңай еретін кімдер? Жастарымыз жат ағымның жетегінде кетпеу үшін не істеуіміз керек?
Жоғарыда айтқанымыздай, өтпелі шақтағы жасөспірімдердің, маргинал жастардың психологиялық ерекшелігіне назар аудару қажет. Оларға ата - ана, мектеп, қоғам тарапынан жан - жақты қолдау керек.
Әрине, тәрбиенің басты көзі, басты ошағы - отбасы. Бірақ мектептің де рөлі зор: мектепте оқушылардың, әсіресе жасөспірімдердің буллингке ұшырамауын қатты қадағалау қажет. Түрлі суицид оқиғалары да осы буллингтің кесірінен болатынын ескерсек деймін.
Тәрбие отбасынан басталады дегенмен мектеп, тиісті орындардың ата - аналарға қозғау салып, осы мәселеге барынша назар аудартуға тырысқаны жөн. Мысалы, жат ағымдар тарапынан төніп тұрған қауіп, бұған интернеттің ықпалы, баланы үнемі бақылаудың маңызын түсіндіретін, яғни сол мазмұндағы бейнероликтерді көптеп түсіріп, ата - аналар жиналысы, БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы таратқан дұрыс. Бейнероликтің артықшылығына келсек:адамдардың басым бөлігі - визуал, көп мәселені көзбен көру арқылы жақсы ұғынып, қабылдайды. Бала ғаламтордан не қарайды, қандай сайттың материалдарын ұнатады, қай желіде көбірек отырады? Өкінішке қарай, көп ата-аналар мұны бақылауда ұстамайды. Сонымен бірге, әрине, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге барынша көңіл бөлуге тиіспіз. Соның ішінде, ең алдымен, тіл мен тарихты насихаттау керек. Тіл мен тарих - біздің тамырымыз. Ұрпақты сол тамырдан ажыратпау арқылы түрлі жат ағымдардың ықпалынан сақтап қала аламыз.
Ашық диалог құру арқылы еркін әңгімеге құрылған кездесуден оқушылар мол мағлұмат алып, теріс ағымдардың жетегінде кетпеуге ой түйді.