Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы #264 мектеп-лицейінде 3 маусым күні "Жаз самалы" сауықтыру лагерінің "Болашақ", тобына "ДосболLike"-буллингтің/әлімжеттіктің алдын алу және тиімді әрекет ету үшін жағдай жасау бойынша мектеп психологі А. Жаксыбаева "Қолдаушы дос" атты тренингін өткізді.

Тренинг мақсаты: Буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, оқушылардың эмоционалдық интеллектісін, эмпатиясын дамыту, қауіпсіз, достық орта қалыптастыру.

Тренинг шарты бойынша, әр бала жазғы сауықтыру лагерь ішінде өзін "қолдаушы дос" етіп таңдайды және балалар екі топқа бөлініп, бір-біріне стакан арқылы шарды түсіріп алмай досына беру арқылы қарым-қатынас жасайды.

Жұмыс соңында оқушылар жоғары көңіл-күйде болып, "достық" сөзінің мәнін түсінді. Бір-біріне деген қарым-қатынасы, сенімділігі ашыла бастады, ұйымшылдық қабілеттің қандай екенін түсінді.

#bilimkzo
#264мектеп_лицей
#біртұтастәрбие
#Досболlike