Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы #264 мектеп-лицейінде 04 маусым күні "Жаз самалы" сауықтыру лагерінің "Күншуақ", "Бәйтерек", тобына "Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" атты ұлттық ақпараттық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару; ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зиян екендігін және әрбір бала - ешбір қиындықсыз, жарқын өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру.

Күндізгі тынығу лагерінің оқушыларымен "Сен өз құқығыңды білесің бе? атты әңгімелесу ұйымдастырылды, "Күншуақ" және "Бәйтерек" топтарына бала еңбегін пайдалануға қарсы ұғым бойынша бейнефильм көрсетілді. Топ тәрбиешілері мен балаларға өтіп жатқан "Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" ұлттық ақпараттық науқаны туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. 

#bilimkzo
#264мектеп_лицей
#біртұтастәрбие