Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 
15–17 сәуір аралығында 7–8 сынып оқушылары арасында өткен Ұлттық мектеп лигасы аясындағы «Былғары доп» спорт түрінен тартысты жарыс өз мәресіне жетті.
Аталған додада №264 мектеп-лицейінің командасы жоғары деңгейде ойын көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, І орынды жеңіп алды. 
Бұл жеңіс - оқушылардың табандылығы мен командалық бірлігінің нәтижесі. Сонымен қатар команда облыстық кезеңге жолдама алып, келесі белеске нық қадам басты.
Команданы дайындап, жеңіске жетелеуде аянбай еңбек еткен жетекшілері:
 Болатбек Ернияз
 Қаражан Думан
Жеңімпаздарға алдағы облыстық жарыста сәттілік тілейміз. Жеңіс жолы жалғаса берсін!