Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің облыстық ресурстық орталығының педагог-ассистенттері Аймақова Гүлназ, Жүгінісова Қаракөз

Денсаулықты нығайту және белсенділік артады тақырыбында оқушыларға  арналған спорттық сайыс өткізілді.

Тақырыбы: «Жеңіспен шынық»

Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық сайыс.

Мақсаты: Оқушылардың дене қимыл белсенділігін арттыру, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту, эмоционалдық жай-күйін тұрақтандыру және өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.

Міндеттері:
Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, ұстау сияқты негізгі қозғалыстарды жетілдіру;
Ұсақ және ірі моториканы дамыту;
Үйлестіру қабілеттерін жақсарту.
Зейін, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту;
Өзіне сенімділікті арттыру;
Эмоцияны басқару және өзін-өзі бақылау дағдыларын үйрету.
Топпен жұмыс істеуді үйрету;
қоғамға бейімделу мүмкіндігін кеңейту.

Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың дене белсенділігі артып, денсаулығы нығаяды;
Қимыл-қозғалыс дағдылары (шапшаңдық, ептілік, төзімділік) дамиды;
Спортқа деген қызығушылығы мен мотивациясы қалыптасады;
Командалық жұмыс, достық және өзара қолдау дағдылары жетіледі;
Жеңіске деген жігері мен табандылығы артады;
Өзіне деген сенімділігі күшейеді;
Салауатты өмір салтына бейімділігі қалыптасады.