11 желтоқсан күні Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде жас мамандарға арналған «Жеткіншектер мен жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәні, оның негізгі құндылықтары және оқушылар бойында адалдық пен әділдікті қалыптастырудың педагогикалық ерекшеліктері түсіндірілді. Жас мамандарға қоғамдағы жемқорлықтың кері әсері мен педагогтың үлгі болу рөлі атап өтілді.
Пікірталас кезінде әділ бағалау, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар талқыланды.
Іс-шара қорытындысында жас мамандардың адалдық мәдениетін қалыптастыруда белсенді, жауапты болу қажеттігі баса айтылды.