«Жеткіншектер мен жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянды әсерін түсіндіру, олардың бойында адалдық пен әділеттілікке негізделген мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жолдарын талқылау болды.
Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен оның жеке адамға, қоғамға келтіретін зардаптары қарастырылып, жеткіншектер мен жастар арасында антикоррупциялық сана мен мәдениетті нығайтудың маңызы атап өтілді. Сонымен қатар, оқу орындарындағы адалдық, ашықтық пен әділеттіліктің қалыптасуы - болашақ азаматтық позицияның негізі екені айтылды.
Талқылау барысында қатысушылар:
- сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық әділетсіздікке алып келетінін;
- жастардың осы құбылысқа қарсы күресте белсенді болуы қажет екенін;
- мектептерде адалдық ортасын қалыптастырудың тиімді әдістерін;
- ата-аналар мен мұғалімдердің тәрбиедегі рөлін жан-жақты талқылады.
Адалдық, әділеттілік және жауапкершілік құндылықтары жас ұрпақтың санасында орныққанда ғана таза әрі әділетті қоғам қалыптасады.