Бүгін Тәкей Есетов атындағы 264 мектеп-лицейінің 2 “З” сынып оқушыларымен *«Жолда жүру ережесін білейік, аман-есен жүрейік!»* тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға жолда жүру ережелерін үйрету.
Жол белгілерінің маңызын түсіндіру.
Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Жаяу жүргінші ретінде дұрыс әрекет етуге дағдыландыру.
Балаларға қауіпсіздік негіздерін түсіндіру - олардың өмірін қорғаудың ең маңызды қадамдарының бірі. Сабақ барысында оқушылар жол белгілерімен танысып, жаяу жүргіншілерге арналған ережелерді қайталап, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын білді.
Іс-шарамызға қаламыздың полиция лейтенанты Әскерұлы Бағдаулет келіп оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сынып жетекшісі: Сұлтанбек Гүлшат Сұлтанбекқызы